Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің жітіқара бөлімі

Житикаринский отдел Костанайского областного историко-краеведческого музея

Zhitikarinsky department of kostanay regional museum of local lore

8 (71435) 2-33-00

Қостанай облысы, Жітіқара қаласы,
6 шағын аудан, 66 үй

«Ұранды елдің ұрпағы қайсар» - Отан қорғаушылар күніне арналған музейлік сабақ

26.07.2024
«Ұранды елдің ұрпағы қайсар» - Отан қорғаушылар күніне арналған музейлік сабақ

2024 жылғы 3 мамыр күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсиялық және мәдени білім беру жұмыстары бөлімінің қызметкері Мұханбетқали Таңшолпан 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған «Ұранды елдің ұрпағы қайсар» атты музейлік сабақ өткізді. Музей сабағына Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 9 сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында оқушылар топқа бөлініп, ҚР-ның Қарулы күштеріне байланысты түрлі тапсырмалар орындады. Сабақ соңында қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.