Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің жітіқара бөлімі

Житикаринский отдел Костанайского областного историко-краеведческого музея

Zhitikarinsky department of kostanay regional museum of local lore

8 (71435) 2-33-00

Қостанай облысы, Жітіқара қаласы,
6 шағын аудан, 66 үй

«Қала бойынша саяхат» - Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай Қостанай қаласының есте қалатын жерлеріне экскурсия

26.07.2024
«Қала бойынша саяхат» - Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай Қостанай қаласының есте қалатын жерлеріне экскурсия

2024 жылдың 17 сәуірінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай «Қала бойынша саяхат» атты Қостанай қаласының есте қалатын жерлеріне экскурсия жүргізді. Іс-шараға Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің студенттері қатысты. Экскурсиялық бағытқа тарихи сәулет ескерткіштер кірді: Қостанайдағы екі кластық орыс-қазақ мектебі, Көпес Яушевтердің пассажы, Бұрынғы «Халық үйі», «Қызыл қабырға», Ерлерге арналған 4 сыныптық училище. Студенттер өткен ғасырға көз жүгіртіп, тарихи-мәдени мұра Қазақстан халқының баға жетпес және орны толмас игілігі екенін түсінді.