Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы, сондай-ақ Халықаралық фашистік лагерьлер тұтқындарын босату күні аясында аудандық кітапханада «Есте сақтау қорқынышты, оны ұмытуға да болмайды» атты еске алу кеші өтті.
Бұл іс-шараға музей қызметкерлері мен аудандық кітапхана «Тікенекті сым артындағы тозақ» атты бірлескен көрмені дайындады. Фашистік концлагерлердің тұтқындарын еске алу - әркімнің қасиетті парызы. Сол қорқынышты оқиғалардың естелігін сақтай отырып қана, мұндай оқиға адамзат тарихында ешқашан қайталанбайды деп үміттенуге болады.