Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің жітіқара бөлімі

Житикаринский отдел Костанайского областного историко-краеведческого музея

Zhitikarinsky department of kostanay regional museum of local lore

8 (71435) 2-33-00

Қостанай облысы, Жітіқара қаласы,
6 шағын аудан, 66 үй

Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 36 жыл толуына арналған еске алу кеші.

14.02.2025
Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің  шығарылғанына 36 жыл толуына арналған еске алу кеші.

Бүгін, 13 ақпанда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының Жітіқара бөлімі Ауғанстан Демократиялық Республикасынан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 36 жыл толуына орай «Жітіқара ауданының жастар ресурстық орталығы» КММ, «Тілдерді оқыту орталығы» КММ, аудандық кітапхана бірлесіп «Ауғанстан. Ұмытылмас ерлік» тақырыбында кеш өткізді.

Бұл іс-шараға Есенов К, Слободенюк П, Ковальчук С, Жітіқара аудандық «Аманат» партиясы филиалының төрайымы З. Орманова, «Жас Сарбаз» әскери патриоттық клуб жетекшісі А. Әдібаев, қатысты.

Ауған соғысының ардагерлерімен және 6697 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен, қаламыздың белсенді жастарымен бірге біз сол қиын кезеңдерде көрсеткен ерлік пен батылдықтың маңыздылығын еске алдық.

Бейбітшілік пен тыныштық үшін өз өмірлерін арнағандарды ұмытпайық! Барлық ардагерлерге бас иеміз!