Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің жітіқара бөлімі

Житикаринский отдел Костанайского областного историко-краеведческого музея

Zhitikarinsky department of kostanay regional museum of local lore

8 (71435) 2-33-00

Қостанай облысы, Жітіқара қаласы,
6 шағын аудан, 66 үй

Жаңалықтар
26.07.2024

Құрметті біздің сайтқа келушілер!

Сіздерді Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің Жітіқара қаласындағы қорларды алу және экспозициялауды ғылыми қамтамасыз ету бөлімінің парақшасында көргенімізге қуаныштымыз!

1975 жылы Жітіқара қаласының соғыс және еңбек ардагерлерінің кездесулерінің бірінде соғысқа қатысушы В.Я. Гук тарих музейін құру туралы ұсыныс жасады. Асбест мәдениет сарайының ғимаратында бөлмелер бөлінді, қоғамдық негізде Кеңес құрылды, оның төрағасы В.Я. Гук экспонаттарды жинау, болашақ музейдің экспозицияларын безендіру жұмыстары басталды.

1978 жылы 11 наурызда  музей ашылды, 1986 жылдан бастап Жетіғара тарихының музейі деп аталды, кейіннен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Жетіғара тарихы» ғылыми-зерттеу бөлімі болып өзгертілді.

1999 жылы 8 қаңтарда облыстық тарихи-өлкетану музейінің Тоқтаров ауылындағы филиалы Тоқтаров ауылындағы экспозицияны сақтай отырып, Жітіқара қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің дербес ғылыми-зерттеу бөлімімен біріктірілді. 2018 жылы Тоқтаров ауылындағы бөлімнің жабылуына байланысты барлық жәдігерлер Жітіқара қаласындағы музейге   берілді.

Бүгінгі таңда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің Жітіқара бөлімшесінің залында 12 экспозиция бар: Палеонтология, Археология, Жануарлар, Этнография, Отырықшылар, Львов көтерілісі, Екінші дүниежүзілік соғыс, Қала тарихы, Комбинат, Тың, Қазіргі Жітіқара және Тәуелсіз Қазақстан. Музейде «Жетигаразолото»  кенішінің тарихына қатысты бірегей фотосуреттер мен құжаттар, соғыс ардагерлерінің фотосуреттері, тың жерлер, қызықты музей  экспонаттары бар.

Қош келдіңіз! Біздің жаңалықтарды бақылаңыз!