Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің жітіқара бөлімі

Житикаринский отдел Костанайского областного историко-краеведческого музея

Zhitikarinsky department of kostanay regional museum of local lore

8 (71435) 2-33-00

Қостанай облысы, Жітіқара қаласы,
6 шағын аудан, 66 үй

«Рухани келісім – бейбітшілік тірегі» - тақырыптық сағаты өткізілді

16.10.2026
«Рухани келісім – бейбітшілік тірегі» - тақырыптық сағаты өткізілді
Абай атындағы мектеп-лицейдің оқушылары үшін «Рухани келісім - бейбітшілік тірегі» тақырыптық сағаты өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты бір-біріне, түрлі халықтардың салт-дәстүрлеріне, мәдениетіне, толеранттылығына деген құрмет сезімін қалыптастыру. Рухани келісім күні - жанжалдар мен қақтығыстарға мораторий жасау күні, татуласу іздеу күні, мейірімділік және жақындарына көмек көрсету күні. Қатысушылар жаттығуларды белсенді орындап, ситуациялық міндеттерді бірлесіп шешіп, диалог жүргізді. Жітіқара ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы М.А. Жетенов біздің еліміздегі, біздің аудандағы этносаралық қатынастар туралы ақпаратпен бөлісіп сөз сөйледі.