2026 жылдың 13 сәуірінде мұражай қызметкерлері МРТ-25 және ЭГС-25 топтарының бірінші курс студенттеріне нацистік концлагерь тұтқындарын босатудың халықаралық күніне арналған «Еске алу ауыр, ұмыту қиын» - Халықаралық фашистік концлагерь тұтқындарын азат ету күніне орай еске алу сабағын өткізді.
Іс-шара барысында студенттер ең ауыр сынақтарға төтеп берген және концлагерьлердің адамгершілікке жатпайтын жағдайларынан аман қалған жерлестеріміздің өмірбаяндарымен танысты. Олардың жеке әңгімелеріне, естеліктеріне және қайсарлығына ерекше назар аударылды.
Қатысушылар сонымен қатар музей коллекциясынан алынған тақырыптық көрмені тамашалады. Іс-шара «Концлагерьлерде қаза тапқандарды еске алу» бейнеролигін көрсетумен аяқталды.