2025 жылдың 18 қазанында Кеңес Одағының Батыры Егор Андреевич Хачинді еске алуға арналған Жітіқара ауданы әкімінің жүлдесі үшін еркін және әйелдер күресінен 54-ші Республикалық турнир аясында музей қызметкерлері мұражай қорынан тақырыптық көрме ұйымдастырды.
Көрмеде Е.А.Хачинның өмір жолы мен жауынгерлік ерліктерін баяндайтын фотосуреттер, құжаттар мен жеке заттар қойылды , сондай-ақ Жітіқара ауданындағы спорттық қозғалыстың дамуы мен күрестің қалыптасуы туралы материалдар.
Экспозиция турнирге қатысушылар мен қонақтардың үлкен қызығушылығын тудырып, ұрпақтар арасындағы байланыс пен спорттың жастарды тәрбиелеудегі маңыздылығын атап көрсете отырып, іс-шараның патриоттық, тарихи және тәрбиелік бағытының маңызды элементіне айналды.







