Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің жітіқара бөлімі

Житикаринский отдел Костанайского областного историко-краеведческого музея

Zhitikarinsky department of kostanay regional museum of local lore

8 (71435) 2-33-00

Қостанай облысы, Жітіқара қаласы,
6 шағын аудан, 66 үй

«Біз біргеміз» - Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған музей сабағы.

28.04.2025
«Біз біргеміз» - Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған музей сабағы.
2025 жылдың 28 сәуір айында музей қызметкерлері Жітіқара ауданындағы «Жітіқара ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» КММ тәрбиеленушілеріне, «Біз біргеміз» атты Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған музей сабағын өткізді. Сабақ барысында балалар мерекенің тарихымен танысып, Қазақстанды мекендейтін ұлттардың көптүрлілігі, олардың салт-дәстүрлері мен мәдениеті туралы білді. Музей қызметкерлері елдің дамуы үшін бейбітшілік пен келісімнің маңызы, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы – этносаралық келісімнің бірегей үлгісі туралы айтты. Тәрбиеленушілер үшін төзімділікті, басқа халықтардың дәстүрлерін құрметтеуді және туған елге деген мақтанышты дамытуға бағытталған викторина өткізілді. Іс-шарa жақсы атмосферада өтіп, балаларға жаңа таным мен жарқын әсер қалдырды.