Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің жітіқара бөлімі

Житикаринский отдел Костанайского областного историко-краеведческого музея

Zhitikarinsky department of kostanay regional museum of local lore

8 (71435) 2-33-00

Қостанай облысы, Жітіқара қаласы,
6 шағын аудан, 66 үй

«Ана - отбасы жүрегі, мейрімділіктің тірегі» - 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған іс-шара.

05.03.2025
«Ана - отбасы жүрегі, мейрімділіктің тірегі» -   8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған іс-шара.
Мамандықтар жылы және 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында кітапхананың оқу залында «AMANAT» партиясының әйелдер қанатының қолдауымен тарихи-өлкетану мұражайы мен аудандық кітапхана ұйымдастырған «Ана - бұл мейірімділік, мейірбандық» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға Жітіқара аудандық «AMANAT» партиясы филиалының басшысы Зульфия Сапарғалиқызы Орманова, «Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы Жаңылдық Алтайқызы Әлмұхамедова, «Жітіқара ауданының гендерлік қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы аудандық маслихат депутаты Оксана Ержанова, орталық психологы Сания Калмурзина «Қостанай минералдары» АҚ «AMANAT» партиясының жанынан әйелдерді психологиялық қолдау кабинетін ашу жоспарлануда. Мұндай бастама аудан тұрғындарына өмірлік қиын жағдайларда қажетті қолдау мен кеңес алуға көмектеседі. Кездесудің басты мақсаты отбасылық құндылықтарды нығайту, әйелдерді қолдау және отбасына дұрыс қарым-қатынас пен оның әрбір адамның өміріндегі рөлін қалыптастыру болды. Іс-шара демеушілер - «Жасыл-ел 2020» ЖШС және «Хризотил КМ» газетінің қолдауымен өтті. 2025 жыл Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланғанын ескере отырып, кездесу ерекше мәнге ие болды. Кештің басты қонақтары - Елена Качура, Зинара Хусаинова, Әлия Баймұратова, Галина Гладкова және Гүлнар Димухаметова. Бұл әйелдер түрлі салаларда еңбек етіп, жұмысшы мамандықтардың құрметке лайықты екенін өз үлгілерімен дәлелдейді. Мерекелік кеш жылы әрі жайлы өтті. Қонақтар музыка мен би билеп, отбасы мен бала тәрбиесінің маңызды мәселелерін талқылады. Кештің бағдарламасында өлеңдер оқу, достық әңгімелер, викториналар мен әртістер өнер көрсетті.