04 тамызда музей қызметкерлер аудандық кітапхананың абонемент кітапханашыларымен бірлесіп 6697 әскери бөлімі сарбаздарына 10 тамыз Абай күніне орай «Абай әлемі» атты поэзия кешін өткізді. Кеш барысында Абай өлеңдері оқылып, сондай-ақ ұлы ақының «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы» әндері шырқалды.
Іс-шара барысында «Біз Абай туралы не білеміз» атты викторина өткізіліп кеш қонақтары Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап беріп, Абай туралы кітаптар мен естеліктер және ақынның өз шығармалары қойылған тағылымы мол кітап көрмесін тамашалады.







