poster

Отбасы күні

Дәстүрлі отбасылық құндылықтарды насихаттау барысында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде Отбасы күніне орай «Отбасы-бақыт мекені» атты бір сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Көрермендер назарына кеңестік және қазақстандық суретші-кескіндемеші Николай Алексеевич Денисовтың «Қойшыда қонақта» атты көркем туындысы ұсынылады. Суретшінің шығармашылық жұмысы отбасылық бақыт пен ұлттық дәстүрге деген адалдықты бейнелейді.