poster

«Жарықтың түрленуі» Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Андрей Арискиннің дербес көрмесі

2024 жылдың 26 сәуірінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің көрме залында белгілі суретші, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Андрей Арискиннің «Жарықтың түрленуі» атты дербес көрмесі ашылды. Көрмеде суретшінің авторлық акрил техникасы арқылы жасалған жұмыстары ұсынылды.
Андрей Арискин Қырымдағы Н.С.Самокиша атындағы көркемсурет училищесінің түлегі, қазіргі танда Рудный қаласында тұрады. Андрей Арискин аймақтық, облыстық және қалалық көрмелердің қатысушысы, бес дербес көрменің авторы. Андрей Арискиннің шығармалары ерекше түстермен, жасалған композициялардың жанды энергиясымен, үйлесімділікке ұмтылыспен бейнеленген. Мұның бәрі автордың «Теңіз нимфасы», «Ойшыл», «Жасыл әлем», «Қобыз әңі», «Ақ боз ат», «Су үстіндегі би» және тағы басқа картиналарында көрініс тапқан.

Андрей Арискиннің «Жарықтың түрленуі» атты дербес көрмесі бір ай бойы жұмыс істейді.