Батпаққара көтерілісінің 95 жылдығына орай «Қазақстандағы 1929-1931 жылдардағы көтерілістер: зерттелуі және тың деректер» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция
24 сәуір күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі Батпаққара көтерілісінің 95 жылдығына орай «Қазақстандағы 1929-1931 жылдардағы көтерілістер: зерттелуі және тың деректер» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Офлайн және онлайн режимінде өткен конференцияда Әбжанов Ханкелді Махмұтұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі (Алматы қаласы), Хайдаров Есқайрат Ерболатұлы, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты (Орал қаласы), Ауанасова Әлима Мүсірқызы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Мемлекет тарихы институты (Астана қаласы), Дребезгова Мария Григорьевна, Долинка кентіндегі Саяси-қуғын-сүргін құрбандарын еске алу музейінің жалпы тарихты қамтамасыз ету ғылыми-зерттеу бөлімінің басшысы (Қарағанды облысы), Сағынтаев Батырлан Жұмабайұлы, Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық музейінің ғылыми қызметкері (Арқалық қаласы), Абжанова Кәмшат Жарылғапқызы, «А.Иманов атындағы Амангелді мемориалдық музейі» КММ-нің басшысы (Амангелді ауданы) және ҚР Мемлекеттік музейлерінің басқа да ғалымдары, тарихшылары, өлкетанушылары, ғылыми қызметкерлері баяндама оқыды.
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының басшысы Құралбек Бүркітбайұлы Атамұратов және тарих ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Күзембайұлы құттықтау сөз сөйледі.
Конференцияда биліктің шаруаларға қатысты ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру мен өзге де саяси науқандар саясатының салдарын зерделеуге бағытталған тарихшылардың жүргізген ғылыми зерттеулері талқыланды. Ұжымдастыру кезеңіндегі антикеңестік шаруалар толқуының себептері, зардаптары мен тарихи маңызы қарастырылды.
Іс-шараға қатысқан қатысушылар мен қонақтар үшін музей қорынан «Батпаққара көтерілісіне 95 жыл» атты көрме ұйымдастырылды.
Конференция соңында қатысушыларға сертификаттар және А. Байтұрсынұлының мерейтойына арналған медальдар табыс етілді.