poster

«Қаныш Сәтпаев: ғалым, қайраткер, тұлға» - көрнекті ғалым-геолог Қ.И. Сәтпаевтың туғанына 125 жыл толуына орай шағын көрме

2024 жылдың 12 сәуірінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде көрнекті ғалым – геолог, геология-минералогия ғылымдарының докторы, Ғ.А. профессор, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, КСРО Ғылым академиясының толық мүшесі, Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті, Геология ғылымдары институтының директоры, кеңестік металлогендік ғылымның негізін салушылардың бірі, қазақ металлогения мектебінің негізін салушы Қ.И. Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай шағын көрме ашылды.
Жезқазған ауданының төңірегінде мыс қорына геологиялық зерттеулер жүргізіп, Сәтбаев Американың көптеген шет аймақтарынан асып түсетін әлемдегі мысқа бай аймақтың бірін ашады. Ол 1940 жылы Жезқазған кен орнын ашқаны үшін еліміздің жоғарғы сыйлығы - Ленин орденімен марапатталды.
Сәтбаевтың қырықтан астам жарияланған ғылыми еңбектері 1942 жылы геология-минералогия ғылымдарының докторы дәрежесін және аймақты 15 жыл бойы зерттеу барысында алынған зерттеуді жинақтап қорытқан «Жезқазған ауданындағы кен орындары» монографиясы Сталиндік сыйлыққа ие болуға жол ашты.